Алимент төлемей жүрген борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Жиынға Алматы, Астана аудандарының прокуроры, әділет департментінің өкілі және сот орындаушылары өңірлік палатасының маманы қатысты. Алимент төлей алмай жүргендерге жұмыспен қамту орталығы жұмыс ұсынады. Қала бойынша жыл басынан бері 31 берешек адам жұмысқа орналасқан. 5 адам "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқып, 3-еуі грант жеңіп, кәсіп бастаған. Дегенмен ұсынылған жұмыстан бас тартатындардың саны көп. Қазір қала бойынша алиментін төлемей жүрген 4 мың адам бар.