Өткен аптада облыс аумағында 200 қылмыс тіркелді. Біразы жеке мүлік ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тонау, мал ұрлығымен қатар алаяқтық фактісі де азаймай тұр. Мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған 28 адам ұсталды. Өкінішке қарай адам өліміне себепші болған көлік жүргізушілер де бар.