Өңірдің экологиялық жағдайы айтыла қалса, жауаптылар өңірдің индустриялық аймақ екенін еске салады. Бұған қарағанда қаладағы ауаның ластануы қалыпты жағдай секілді. Өткен жылы Ақтөбенің ауасынан 180 мың тонна ластағыш зат анықталған. Тіпті бұл көрсеткіш бойынша республикада алғашқы бестікте екенбіз. Бұл, әрине мақтанатын жетістік емес. Жауапты департамент бір пайдасы тиіп қалар деп биыл да 70-тен астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде заңды белшесінен басқандарға бір жарым млрд теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды. Ал, Көкжиде кен орнындағы жер қойнауын пайдаланушыларды кезең-кезеңімен тоқтату кестесі дайындалуда. Сондай-ақ, жаңа экологиялық проблемаларды ескере отырып, тағы бір Жол картасы әзірленіп жатыр