Ардагер-ұстаз, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ниетжан Берікұлы 95 жаста. Ғалымның мерейтойына арналған "Ғибратқа толы ғұмыр" атты дөңгелек үстел өтті.  
Мерейтой иесін құттықтауға оның шәкірттері мен замандастары, сондай-ақ өңірдің жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің және салалық кәсіподақ өкілдері келді. Ниетжан Беріков қазақ тілі, педагогика және психология бойынша оқулықтардың, ондаған энциклопедия мен құралдардың авторы. Оның арқасында Қазақстан медицинасы алғаш рет қазақ тілінде сөйледі. Өйткені, мерейтой иесі Батыс Қазақстан медицина университетінде қазақ бөлімшесінің ашылуына ұйытқы болған