Мұғалжар ауданына қарасты Жағабұлақ ауылында ангар типті спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл ауыл халқының салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беретін кешен. Жаңа нысанның ашылуына орай театрландырылған көрініс көрсетілді. Айтып өтейік, спорт кешенінің жалпы алаңы мың шаршы метрден асады. Мұнда волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес секілді тағы да басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер бар. Алғашқы күні-аұ мұнда жетінші Халық ойындары спартакиадасы  ұйымдастырылды. Спартакиада ойындарына қалалық және ауылдық округтерден 15 команда қатысты. Олар қазақ күресі, футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде Қандыағаш қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ембі қаласының, ал үшінші орынды Батпақкөл ауылдық округінің командасы иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар кубокпен, медальмен және арнайы дипломдармен марапатталды