Ақтөбеге әлемнің әр түпкірінен Димаштың жанкүйерлері келді. Мұхит асып келген фанаттар үшін республика көлемінде тур ұйымдастырылды. Ал, Ақтөбеде әншінің туған жерін, оқу орны мен өскен үйін көрсету дәстүрге айналды. Димаш үшін қазақ тілін үйреніп жүргендері де бар.