Облыс әкімі Ералы Тоғжанов азаматтарды қабылдады. Өңір басшысы бес сағат ішінде облыстың қырық тұрғынының мәселесін қарап шықты. Ақтөбеліктерді көбінесе денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, мал шаруашылғын субсидиялау, баспана алу сұрақтары қызықтырды.  Ералы Тоғжанов қабылдауға келген әрбір азаматты мұқият тыңдап, олардың проблемалары мен ұсыныстарын зерттеп шықты. Кейбір мәселелер дереу шешілді. Облыс әкімі мемлекеттік органдардың басшыларына азаматтардың мәселесін заң аясында шешуге қолдау көрсетуді тапсырды. Қажет болған жағдайда мәселелерді егжей-тегжей зерделеу үшін мамандар өтініш берушілердің тұрғылықты жеріне барады. 

Айтып өтейік, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде қабылдайды