Күш атасын танымас. 8 жасар қала тұрғыны Мұса Түркімбаев стрит воркаут спортынан Қазақстан рекорд орнатты. Ол 42 рет турникке тартылып, 1600 мәрте кеудені жерден көтере алады. Мұсаның ендігі арманы жаттығуды күшейтіп, бұл рекордтық көрсеткішін дүние жүзіне дәлелдеу. Жас спортшымен тілшіміз сөйлесіп қайтты
Мұса дене шынықтырумен 3 жасынан бастап шұғылданады. Үнемі турникке тартылып, түрлі жаттығулар жасайды. Сабақтан тыс уақытында спортпен айналысады. Дамылсыз жаттығудың нәтижесінде воркаут спортынан 8 жасында Қазақстан рекордын орнатты.
- Мен турникке тартылудан Қазақстан рекордын жасадым 42 рет. Ал, әлемдік рекорд 35. Мен сабақтан келсен соң, асымды ішіп, бір сағат планшет қараймын. Қалған уақытымды жаттығуға арнаймын.
Тек бұғанасы қатпаған балаға спорттың бұл түрімен кәсіби тұрғыда айналысуға болмайды. Сондықтан, әкесі Асхат бар уақытын баласына арнап, қазір арнайы жаттығу залына апарып жүр. Болашақта дзюдоға қатыстыруды жоспарлап отыр.
- Қазақстанның КИНЭС рекордтар кібатына енді. Үйде жаттығып жүріп, телефонға түсірдік. Оны Алматыға жібердік. Кәсіпқой спортшылар үздік деп бағалап, рекорд орнатты деген сертификат берді. Ендігі арман ресми түрде әлемдік рекордты қою.
Стрит воркаутпен айналысатын балалар арасындағы әлемдік рекорд Украинада орнатылыпты. Ал, Мұса оны келесі жылы Ақтөбеде өтетін жарыста өз пайдасына өзгертуді көздеп отыр.