«Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық алаңға  Қазақстан мен шетелдің дін саласының білікті мамандары жиналды. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Мысыр, Түркия, Ресейден теологтар, дінтанушылар, сарапшылар келді. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР-сы дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров  қатысты. Экстремизмнің психологиялық себептері мен оның алдын алу, жаһандану жағдайындағы қоғамның исламофобиясы мен дерадикалдандыру мәселелері басты тақырып. Өзге елдердің тәжірибесін негізге алып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы бірлескен үрдістер талқыланды. Мәселен, Ресейден келген маманның айтуынша, діни білімді интеграциялау қажет, бұл проблемаға теологиялық тұрғыдан  қараған жөн. Жат ағымға кеткендерде психологиялық себеп бар. Сондықтан  психологиялық қолдау өте маңызды дейді маман.

 

ӘЛИЯ  /ОЛЬГА/  ПАВЛОВА / РФ, МӘСКЕУ/ МҰСЫЛМАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БЕРУ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ  БАСҚАРМА  ТӨРАҒАСЫ

- Біздің ассоциацияда   теологиялық  білімі бар психологтар жұмыс жасайды, радикалды бағытты ұстанатындармен жұмыс жүргузде белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткіздік. Діни сауатты болған соң, жат ағымда кеткен адамдармен жұмыс жасау біледі, әрі экстремизмнің алдын алуда кешенді жұмыс жүргізіп отыр. Біз Ресей  мұсылмандарының діни  басқармасымен тығыз қарым-қатынастамыз. Психологиялық тұрғыда имамдарға да бағыт бағдар беріп тұрамыз.  Ынтымақтастық жөніндегі алғашқы кездесуіміздің жалғасы болады деген үміттемін. Бір-бірімізбен тиімді, пайдалы жұмыс жүргіземіз  деп ойлаймын.

Мысырлық дінтанушылар өзекті  мәселені шешудің жаңа әдістерін ұсынды.  Жат ағымның жетегінде кеткендерді оңалтудың оң тәжірибелерімен "Әл-Асқар" Мысыр  университетінің оқытушылары бөлісті.

 

МАДИХ АБДУЛЛА /МЫСЫР/"ӘЛ - АЗҺАР "  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰСТАЗЫ  /МЫСЫР/

- кез келген ауруды емдемес бұрын диагноз қойылады. Мысалы,  Мысырда идеологиялық тұрғыдан науқас адамға  алдымен осындай диагноз қойылады. Адасқан  адамның ақылын өзіне қайтару-бірінші міндет. Зақымдалған, бұзылған ойлау жүйесін қалпына келтіру, ауру болған соң, емдеу қаже. Бұл кесел   әлемдік деңгейде жалғасып жатыр.   Сондықтан бүгінгідей отырыстардың маңызы зор. Ынтымақтастық меморандумдары болуы керек. Діни ұйымар, оқу ордалары мен мемлекеттік мекмелелер жұмыла жұмыс жасаса, кеселдің бетін қайтаруға  болады.

Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин өңірде экстремистік діни идеологиялық жұмыстар жөнінде бөлісті. Еліміздегі діни білім беретін "Нұр-мүбарак" египет Ислам мәдениеті университетімен тығыз қарым-қатынас орнап, Ақтөбеде осы оқу ордасының дайындық курсы ашылды.  52 адам  универсиетте оқып шықты. Сауатты діни мамандардың көмегімен  жат ағымның жетегінде кеткен 300 адам дәстүрлі дінге бетбұрды.

Шара қорытындысы бойынша Қазақстанда "Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері"  тақырыбындағы халықаралық  сараптамалық алаңының 150-ден астам терминнен тұратын глоссарийі  және арнайы әдістемелік құрал басылып шығарылады. Венера Серғазы