«Сағындырған әндер-ай» ретро әндер фестивалі Хромтау ауданының Ақжар ауылында өтті. Ән кешінде 60-шы, 70-ші жылдардағы халықтың сүйіп тыңдаған әндері орындалды. Ауданның барлық елді мекенінен келген көркемөнерпаздар ақжарлықтарға есте қаларлықтай әсерлі ән кешін сыйлады. "Сағындырған әндер-ай" жобасына биыл - 10 жыл. Дәстүрлі фестивалдің жыл сайын аясы кеңейіп, ауыл-аймақта үлкен қолдау тауып келеді. Өткен мен бүгіннің жалғасы іспеттес болған әсем әндер фестивалін хромтаулықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырып, Ақтөбенің 150 жылдығына арналды."Сағындырған әндер-ай" фестиваліне шығармашыл ауыл жастарының қызығушылығы зор. Концертті тамашалаушылар қатарында да жастар көп болды.Ән кешінде 60-шы,70-ші жылдары халық арасында кең таралған танымал әндер орындалды. Жаңаша өңдеуден өткен ескі әндер қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Залда отырған көрермендер шырқалған әндерге қосылып, әншілерді сахнадан жібермеді.Ақжардағы Сағындырған әндер-ай фестиваліне ауданның Бөгетсай, Тассай, Қопа, Дөң, Сарысай мен Тасөткелден көркемөнерпаздар қатысты.
Венера Серғазы