"Жұбановтан-Абайға" ғылыми-танымдық экспедициясы жолға шықты. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында   Ақтөбеден басталған экспедиция  Нұрсұлтан, Павлодар, Семей, Абайдың туған жері- Жидебай,  Қарқаралы, Баянауыл мен Қарағанды өңірлерін аралап, сол өлкедегі ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысымен танысады. Тәжірибе алмасады.  Экспедицияны ұйымдастырған Жұбанов университеті бұл шараны  оқу орнының  85 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап отыр. Экспедиция құрамында тарихшы, филолог ғалымдар,  студенттер бар.