Есептік кездесуге дейін облыс әкімі бастаған топ ауылдағы бірқатар нысандарға барды. Салынып жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылыс аумағында болды. Жалпы құны 1,2 миллиард теңге болатын мектепті салып жатқан мердігер ұйым ғимаратты жаңа оқу жылында пайдалануға беруі тиіс.
Бұдан соң Бердібек Сапарбев ауылдық амбулаторияға барды. 2 мыңға адамға шақталған шағын амбулатория тарлық етіп тұр. Себебі, тұрғындар саны артып келеді, қазір Саздыда 5 мыңға жуық адам тұрады. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі негізінде Саздыда жаңа амбулатория бой көтереді деді облыстық денсаулық сақтау саласының басшысы Әсет Қалиев.
Өңір басышысы барған тағы бір нысан мемлекет қолдауы аясында ашылған ауылдағы – Сазды дәмханасы. Кәсіпкер людмила Рахметова 2015 жылы жеңілдетілген пайызбен несие алған. Бұдан соң, Сазды ауылындағы мәдениет үйінде Ақтөбе қаласы әкімінің есеп беру кездесуі басталды. Округ құрамына Сазды ауылымен қатар, Бауырластар, Бауырластар-2, Сазды 2 секілді үш тұрғын массивтері кіреді. облыс орталығынан 18 шақырымдағы ауыл газ, сумен қамтамасыз етілген. Ауылдың ауылшаруашылық саласы соңғы жылдары қарқын алды. Мысалы, 28 шаруа қожалығы, 3 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, мемлекеттік бағдарлама аясында істерін сәтті жүргізіп отыр.
ЕРСАЙЫН БУРИН, "БОЛАШАҚ" ШҚ БАСШЫСЫ
Кездесу барысында ауылдықтар шешілмей келе жатқан мәселелерін ортаға салд. Мәселен, Лесное ауылының тұрғындары аялдама мәселесін көтерсе, жолдарды қардан тазалау, жарықтандыру, сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.
Жиын соңында аймақ басшысы Елбасының билік тармақтарын бөлу туралы үндеуіне қатысты пікір білдіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдымен тәртіп керек, ал тәртіп әр шаңырақтан, отбасыдан басталады деді.
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ