Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі! Осындай атаумен Мәртөк ауданында форум өтті. Ауқымды шара ауыл балаларының нашақорлық сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болуына бағытталған. Онда тәртіп сақшылары, өзге де құқық қорғау саласының өкілдері және халық қалаулылары жасөспірімдерге кезкелген қылмыстың адам өміріне қасірет әкелетінін жеткізді.