Іскер әйелдер қауымдастығы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. Олар қала аумағын қоқыстан арылтып, тазалық жұмыстарына қатысты. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды тазалыққа үндеу. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.