Облыс активі конституциялық комиссияның жұмысын айқындап, жаңа Конституция жобасын талқылады. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформа қоғамның сұранысына негізделіп, халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылуда. Жаңа Ата заң еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған”, - деді аймақ басшысы.