19 қазан - Құтқарушылар күні. Атаулы мерекеде қала әкімі Азамат Бекет атынан бүгінгі күннің батырларын марапаттады. Ерлік пен ержүректіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген маман иелерінің еңбегі еленіп, алғысқа бөленді. Бұл күн тек құрмет көрсету ғана емес, төтенше жағдаймен күрестің алдыңғы шебінде жүрген жандарға қоғам атынан алғыс білдіретін атаулы күн.