Сондай-ақ сәулет және құрылыс саласындағы заңнаманың сақталуы мен жұмыстардың сапасы мәселелері қаралды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчиннің айтуынша, биыл мың жарымға жуық құрылыс басталған. Басқарма тарапынан жоспардан тыс 31 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 60-тан астам әкімшілік хаттама толтырылыпты. Құрылыс компанияларына 26 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Әсіресе жол құрылысына жауапты техникалық қадағалау сарапшылары ісіне салғырт қараған. Олар әкімшілік жауапқа тартылып, олардың аттестаттары уақытша тоқтатылған. Жалпы айыппұл сомасы 4 миллион теңгеден асты.