Әр басшы өз ұжымындағы ахуалға жауапты. Облыс әкімі аппарат мәжілісінде мемлекеттік органдардағы қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, моральдық-психологиялық ахуал және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралған жиында осылай деді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов өңірде қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Дегенмен жекелеген бұзушылықтар профилактикалық шараларды күшейтуді және басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды қажет етіп тұр.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, мониторинг нәтижелерін Әдеп кеңесінің отырысында қарауды жоспарлап отыр.