Облыста 130 мыңнан астам қарт тұрады. Оның 70 пайыздан астамы зейнетке шықса да қоғам өміріне белсенді араласып келеді. 


Бір кездері өңір дамуына өзіндік үлес қосқан еңбеккерлер, бүгінде ақсақалдар кеңесіне мүшелік етіп, аналар алқасында қызмет етіп жүр. Ал, мереке қарсаңында аға буын жылдық жұмыстарын қорытындылады.