Облыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Енді әр апта сайын екі аудан шаруалары өз өнімін ұсынады. Өткен аптада Әйтеке би және Алға аудандарының шаруалары келді. Сауда сөрелеріне жалпы көлемі 2 жарым тонна ет, 1 тонна сүт өнімдері және 5 тонна көкөніс шығарылды. Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов аралады. Баға нарықтан 15–20 пайызға төмен. Сөйтіп қала тұрғындары мен қонақтары сапалы әрі табиғи таза өнімдерді сатып алды.