Темір ауданындағы Досжан Хазірет мемориалдық кешеніне сапар шегу әлдеқайда жеңіл болмақ. Өйткені тарихи орынға барар жол жөнделіп жатыр. Бұған дейін көлік қатынасында қиындық туғызатын. Жол құрылысы былтыр басталған. Мердігерлер 15 қазанға дейін жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отыр.