Бүгін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4-ші балқыту цехында номері 43-ші балқыту пешінен бір мезетте салмағы 177 тоннаны құрайтын жоғары көміртекті феррохром өндірілді.

Бұл - әлемдік рекорд. Оны Азия және Африка дивизионы бойынша бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов "Дүниежүзілік рекордтар" кітабына енгізді. Ал өндіріс орнының басшысы бұл жеңісін Металлургтер күніне арнады.