Қалалық мәдениет сарайының басшылығы мемлекеттік сатып алу кезінде мердігерге еш құжатсыз алты миллион теңгедей қаражат берген.

Оған қоса мекемеде күзет қызметі бола тұра, еш негізсіз тағы да күзет алу үшін ақша бөлген. Ал, спорт басқармасына қарасты Жоғары спорт шеберлігі мекемесі бапкерлерге бармаған іс-сапары үшін ақша төлеп келген. Осы және өзге де заңбұзушылықтар аудиторлық тексеріс кезінде анықталды.

Алғашқы алты айда ішкі мемлекеттік аудит департаменті 76 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 34 миллиард теңгеден астам соманың бұзушылықтарын анықтады. 75 лауазымды тұлғаға қатысты 150 әкімшілік іс қозғалды.

Тағы жүздей шенеунік тәртіптік жауапқа тартылды.