Өңірлік ақ-қызылдар командасының бас бапкері Вячеслав Левчук жауапты матч алдында баспасөз конференциясын өткізді. Бүгін сағат 21:00-де өтетін польшалық "Легия" ойыншыларымен қарымта ойынға команданың сақадай-сай екенін жеткізді. 


Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ақтөбе" қарсылас командадан 1 ұпай есеп айырмасымен ұтылып қалған болатын. Қарымта матчта кеткен есемізді қайтарып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлаймыз, дейді бас бапкер.