Жыл сайын елде шілденің үшінші жексенбісінде - Металлургтер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында арна тілшілері еліміздегі алғашқы қара металлургия кәсіпорны аталып кеткен Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, өндіріс орнының дамуы жолында жемісті еңбек етіп жүрген еңбек иелерінің бір кіндік жұмысымен танысты.