Өңірдегі барлық білім ордаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Тамыздың біріне дейін әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, мердігерлер жаңа оқу жылына дейін жаңарған нысандарды тапсырып үлгеруі тиіс.

Сондай-ақ 19 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.