Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдау өткізді. Алдын ала қабылдауға 15 адам жазылып, олардың 11-і мәселелерін жеке келіп айтты. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік қорғау, экология және жергілікті инфрақұрылымға қатысты. Қабылдауға шақырылған облыстық басқарма басшылары азаматтарға кеңес беріп, әрбір мәселе бойынша нақты түсініктемелер ұсынды. Арыз-шағым, өтініштер облыс орталығының ғана емес аудан тұрғындарынан да түскен. Әрбір өтінішке қатысты нақты түсіндірмелер беріліп, оны шешудің ықтимал жолдары ұсынылды, сондай-ақ жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.