Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық химия олимпиадасында ақтөбелік Аңсар Жақсылықов жүлдегер атанды. Екінші орын иеленген Білім инновация лицейінің оқушысын аймақтың білім саласы өкілдері және жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.

Аңсар 10 сыныпта оқиды, шет елде білім толықтырып, ел дамуына үлес қосуды көздейді.