Мамандық таңдауда мүлт кетуге болмайды. Осы орайда кәсіби бағдар берудің маңызы зор. Мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орынына құжат тапсырып жүрген жастар үшін, таңдауынан шалыс баспасын деп түрлі университет колледж өкілдері кәсіби түрде бағыт беріп, әр мамандықтың мән - жайын ашып түсіндіріп жүр.