Балалардың жазғы лагерьлері эпидемиологтардың бақылауында болады. Қазіргі кезде мамандар кәсіпкерлердің өтінімін қабылдап, талапқа сай келгендеріне рұқсат құжатын беріп жатыр. Биыл 7 лагерь жұмыс істемек.
Қазіргі кезде төртеуі құжатын тапсырды. Айтып өтейік, балалардың құнарлы тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардың шынығуына жағдай жасау да назарда болады.