Ақтөбе халықаралық әуежайында лаңкестер жолаушыны кепілге алды. Стратегиялық аймақ жедел қоршалып, арнайы құрылымдар әрекетке көшті. Бүгін дәл осы сценарий бойынша облыстағы құқыққорғау және әскери күштер антитеррорлық оқу-жаттығу жиынын өткізді.
"Дабыл" операциясы кезінде әуежайдың терроризмге қарсы қорғаныс жүйесі, жедел қызметтердің қауіпті әрекеттерге дайындығы пысықталды.