Бокстан жасөспірімдер арасында іріктеу турнирі басталды. Додаға 2009-2010 жылы туған жас спортшылар қатысты. Ақтау, Атырау, Орал және ақтөбелік былғары қолғап шеберлері өнер көрсетті. 


Жеңімпаздар республикалық, кейін, түркі мемлекеттері арасындағы халықаралық байқауға жолдама алады. Биыл екінші рет өтіп отырған бәсекеге 21 боксшы келді.