Осы жексенбіде «Қазақ халқына мың алғыс» стеласында ауқымды шара ұйымдастырылады. Сағат таңғы 10-да кішкентай ақтөбеліктерге арналған ойын-сауық, мерекелік концерт, тақырыптық көрмелер өткізіледі. 


Атаулы күні кішкентай бөбектер де назардан тыс қалмайды. 6 айдан бір жасқа дейінгі сәбилер, 2 жасқа дейінгі, 3 пен 5 жас аралығындағы балалар арасында жас ерекшеліктеріне қарай жарыстар өтеді. Сондай-ақ, батпырауық шеруі, караоке, флешмобтар мен би батлдары да болады.  


Ал, кешке «Алақай» қуыршақ театрының қойылымы сахналанады.