Облыстық жедел жәрдем бекетінде де балалар күні мерекесі тойланды. Шұғыл қызмет мамандары жұмысшы жылына орай алғыс алып, балғындар бағалы сыйлықтарға ие болды. Кішкентайлар үшін сурет байқауы, аниматорлармен би ұйымдастырылды. Мерекелік дәм таратылды.