Ал этномәдени бірлестік өкілдері мен Аналар кеңесі "Аяла" орталығындағы тәрбиеленушілерді қуанышқа бөледі. Ассамблея жастары да үлес қосып, балалармен бірге түрлі ойын ойнады. Тәрбиеленушілер үшін мерекенің маңызы зор. Олар бұл күндері өздерін құттықтап, сыйлық ала келген үлкендерге ризашылығын да білдірді. Айтып өтейік, "Аяла" орталығының екі корпусында 70-тен астам бала бар. 3-18 жастағы балалар мұнда мемлекет қамқорлығында болады.