31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай қала жастары, "Жастар рухы" ұйымының мүшелері шаһар маңындағы Түйетөбе сайында орналасқан ескерткіш маңын тазалады.
Айналаны күл-қоқыстан арылтып, гүлдерді суарды. Айтып өтейік, 1920-40 жылдары Ақтөбе облысынан 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Оның мыңға жуығы ату жазасына кесілді. 1937-38 жылдары аралығында атылғандар осы Түйетөбе сайында жерленген.
Еске алу күні аталған орында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі.