Ерекше балаларға арналған - ерекше спектакль. "Алақай" қуыршақ театры тұңғыш рет иммерсивті қойылымды сахналады. Кішкентай көрермендер көріністі актермен бірге сахна кеңістігінде отырып тамашалады. Яғни олар тек көруші ғана емес, сол оқиғаның тікелей қатысушысы болды. Елімізде алғаш рет ерекше форматта әзірленген спектакльді алдымен көркемдік кеңес мүшелері бағалады.