1 тамыздан бастап елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап есепке алу арқылы.

Осыған байланысты 1-і мен 30-шы маусым аралығында респонденттердің тізімін нақтылау үшін өңіріміздің 7 қаласында үй шаруашылықтарын алдын ала аралау шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, құзырлы сала мамандары санақ барысында аймақтағы 57 мыңға жуық үй шаруашылығын және 10 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өндірушісін қамтуды жоспарлап отыр.