Ақтөбеде Абай Құнанбайұлы дүниеге келді. Иә, сіз шалыс естіген жоқсыз. Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында дүниеге келген ақтөбелік сәбиге ата-анасы Абай есімін берді. Оған қоса тегі де ғұламамен бірдей. Ұлы зиялыдай ұлтына қызмет етсін деген ниетте шөбересінің атын дәл осылай атауды атасы аманат етіпті.