Бір топ ақтөбелік «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен марапатталды. Мемлекет басшысы атынан облыс әкімі бірнеше ардагерге барып, өзі тарту етті. Асхат Шахаров Ниетжан Берікұлы, Ефим Книжник және оның жұбайы Таисия Васильевнаға құрмет көрсетті. Кездесуде әсерлі әңгіме де айтылды.