Биыл 10 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Соңғы қоңырау әдеттегідей 25-і мамырда емес, 23-і күні соғылады. Облыстың бас педагогі алдын ала түрлі кештер өткізуге, аниматорлар шақыруға, ақша жинауға болмайтынын айтып, ескерту жасады.

Ал соңғы қоңырау күні «Білімім – Отаныма!» бірыңғай сынып сағаты өтеді.