Аймақ басшысы Асхат Шахаров "Ақтөбе" футбол клубының ойыншыларымен және жаттықтырушы құрамымен кездесті. Кездесу барысында Қобылынды батыр алаңындағы стадионның қазіргі дайындық жұмыстары, клуб болашақта өнер көрсететін жаңа стадион құрылысы туралы айтылды.
Өңір басшылығының мақсаты - тек клубқа емес, ойынды тамашалауға келетін жанкүйерлерге де қолайлы жағдай жасау.