Биыл Ақтөбеде ауқымды көлемде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шамамен 500 шақырым жолды жаңартуға республикалық, облыстық және аудандық қазына есебінен 60 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр.

Бұрын-соңды асфальт жамылғысы төселмеген тұрғын үй алаптарының да инфрақұрылымы жақсара түспек.