Облыстық полиция департаментіне Әлия мұражайының көшпелі көрмесі келді. Батырдың 100 жылдық мерейтойына арналған бірегей экспозициялар таныстырылды. Мерген қыздың өмірі, майдан шебіндегі ерлігі бейнеленген.

Көрмеде сұм соғыста жүріп жазған солдаттардың хаттары бар. Әлияның өмірі мен ерлігін насихаттаушылар жайы да экспозицияда жинақталған.

Көрменің бір бөлігі батыр жайында сөз қозғап, өлең арнаған ақындар жырына арналған. Жауынгерлік рухты көтеруде мұндай шараладың маңызы зор дейді - жауаптылар.