Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды қабылдау басталды. Оқуға қабылдау онлайн форматта Академияның «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін жалғасады. 2025 жылғы қабылдау науқанының жаңалықтары мен өзгерістері туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды. Басты ерекшелік, биыл оқу бағдарламасына «Цифрлық мемлекеттік басқару» мамандығы қосылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар артты.