Аймақта Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Ал Қазақстан халқының бірлігі күні Ассамблеяның 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

Бұл күні 50-ден астам мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 7, 8, 9 мамыр күндері Тахауи Ахтанов атындағы драма театрда «Әлия» мюзиклінің премьерасы сахналанады. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.