23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Мереке қарсаңында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Кітапхананың заманауи дамуы – цифрлық дәуірге бейімделу" атты форум ұйымдастырылды.

Шара аясында қатысушылар заманауи кітапхана моделін, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану тәсілдерін және оқырман тарту жолдарын бірлесе талқылады.