Облыс әкімі Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар кезінде Қарабұтақ ауылдық округінің қазіргі жағдайымен және даму барысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті.
Бүгінде мұнда 3 мыңнан астам адам тұрады. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Әліби Қойлыбаев атындағы орталық саябақ салынды. 2018 жылдан бастап меценат Қайрат Қойлыбаев өз қаржысына абаттандыру жұмысын жүргізді.
Саябақта ойын және спорт алаңдары, концерттік сахна, ағашты суаруға арналған ұңғыма бұрғыланды, жарықтандыру жұмысы ұйымдастырылды. Енді кәсіпкер воркаут пен ойын алаңдарын орнатуды жоспарлап отыр.