Өткен жылы облыс аумағындағы 42 ауылдық округке әкім сайланды. Оның 23-інің өкілеттік мерзімі аяқталса, 19 шенеунік уақытынан бұрын орнын босатқан. Саяси додаға түскен әкімдердің 22-сі "Аманат" партиясының мүшелері болса, 20 адам өзін-өзі ұсынушы. Сонымен қатар былтыр 2 рет кезектен тыс мәслихат сайлауы өтті.