Ал Қарғалы ауданы Бадамша ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Бұл нысанды салу жұмысы 2018 жылы басталған. Алғашқы мердігері жосықсыз деп танылып, арадағы келісімшарт бұзылды. Кейін облыс әкімі жаңа мердігерді анықтауды, құрылысты сапалы әрі уақыты аяқтауды тапсырды. Былтыр құрылыс қайта жанданып, 126 млн теңге бөлінді. Жыл ішінде қалған жұмысы толық аяқталып, қолданысқа берілді. Тіпті шағын футболдан жастар арасында аудандық ашық турнир де ұйымдастырылды. Айтып өтейік, спорт кешені заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда бокс, волейбол, футбол, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика үйірмесі бар.